31
январь
2020
Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойы
Ағымдағы жыл ұлтымыздың ұлы перзенті Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойын кең көлемде атап өтіп, республикалық және халықаралық деңгейдегі түрлі іс-шараларды ұйымдастыру жоспарланып отыр. Осы орайда М.Бегалин атындағы білім ордасында да хакім Абайға арнап "Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы" атты әдеби-сазды кеш өтті. Іс-шара барысында үшінші және төртінші сынып оқушылары қазақтың бас ақынының табиғат лирикасы және өнер-білім тақырыбында жазған өлеңдерін оқып, көрермендердің көзайымына айналды. 4А-сынып оқушысы Бауыржан Алтынай "Көзімнің қарасы" әнін орындап, көпшіліктің ыстық ықыласына бөленді. Сонымен қатар біздің жас білімгерлер Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы қатысқан Абай өлеңдерін оқу эстафетасын да қабылдап, жоғары сынып оқушыларына табыстады. "Қазақ барда қазақтың Абайы да мәңгі қазақпен бірге жасай бермек" деген қорытындымен іс-шара жоғары деңгейде өтті.